Алматыда оқушылардың кезекті би фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда оқушылардың кезекті би фестивалі өтті

Алматыда оқушылардың кезекті би фестивалі өтті

Алматыда оқушылардың кезекті би фестивалі өткізілді. Дәстүрге айналған шараға демеушілік көрсетіп келе жатқан Тұңғыш президент қоры. Жас дарындарды іріктеу еліміздің ең үздік хореографтарына жүктелген.

  • 21 Қараша 2012
  • 337
Фото - Caravan.kz

Әзірге Қарасай ауданы мектептерінің арасында ұйымдастырылып келе жатқан шараның келешекте республикалық конкурсқа айналарына сенімді мамандар. Бүгінде 55 мектеп арасында өткен жарыс барысында жалпы саны 13 би ұжымы іріктеліп алынған. Олар бірнеше ай бойы дайындықтарын пысықтап, бүгін қазылар алқасына өнерлерін паш етті. Айта кетерлігі қатысушыларға хореографиялық қойылым мен би түрін таңдауға ешбір шектеу қойылмаған. Ал үздік атанғандар оқу жылының соңында бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.


Еркін Исраилов, Қарасай ауданы бойынша білім беру қорының атқарушы директоры:

Өсіп жатқан ұрпаққа үлкен жігер береді деген оймен өткізіп жатырмыз. Осылардың арасында келешекте үлкен-үлкен жұлдыздар жанады деген сенімдеміз.