Өнерлі жастарды қолдауға арналған дәстүрлі шара осымен үшінші рет ұйымдастырылған. Халықаралық деңгейдегі байқауға Ресей мен Венгрия опера және балет театрларының солистері келіп, шеберлік сабақтарын өткізді. Селезнев училищесінің шәкірттері ұлттық би өнерінің нақыштарын көрсетіп, заманға сай сахналық киім үлгілерін жариялады. Сонымен қатар, «Тұран», «Алдаспан», «Шарапат», «Арқайым» этно-топтары жиналған қауымның көзайымына айналды.
Юрий Васюченко, Одесса Ұлттық академиялық опера және балет театрының балетмейстері :
–Қазақстанда 4 жарым жыл қызмет еттім. Осы жылдар менің кәсіби маман ретінде қалыптасуыма үлкен септігін тигізді. Қазақстандық өнерпаздар, Рамазан Баповтан бастап бүгінгі жас бишілерге дейін, өз ісінің шеберлері. Олар халықаралық жарыстардан үнемі жүлдемен оралады.