Алматыда өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды

Алматыда өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Мамыр 2008
  • 396
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, бүгін 00.30-да 4 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Соның салдарынан біреуі көмірқышқыл газынан уланған, екіншісі күйікке шалдыққан екі әйел ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен 10 адамының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті