Caravan Logo

Алматыда өрт салдарынан үш бала көмірқышқыл газынан уланды

Алматыда өрт салдарынан үш бала көмірқышқыл газынан уланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Медеу ауданындағы Зенков көшесінде 20 қыркүйекте сағат 23.35-те 2 және 6 қабаттар аралығындағы кабельді шахта 30 шаршы метр аумақта өртенді.

Соның салдарынан 11, 7 және 3 жастағы үш бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының көмегімен 21 қыркүйекте 02 сағат 56 минутта сөндірілді.