Алматыда Орта Азиялық KITEL-2005 халықаралық көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Орта Азиялық KITEL-2005 халықаралық көрмесі ашылды

Алматыда Орта Азиялық KITEL-2005 халықаралық көрмесі ашылды

Бүгін, 31-мамырда Алматыда 12- Орта Азиялық KITEL-2005 халықаралық көрмесі ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Көрмеге Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Израиль, АҚШ, Франция және басқа да елдерден 400-ден астам компания қатысуда.

Көрмеге телекоммуникациялар, Интернет, компьютерлік және ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік жүйелері, кабельдік өнім, ұялы және спутниктік байланыс сынды бес бөлім бойынша экспозициялар қойылған.
Көрме аясында 2005-жылдың желтоқсан айында Қазақстанның тұңғыш байланыс жер серігі ұшырылатынына орай «KazSatCon» атты халықаралық спутниктік байланыс конференциясы өтеді. Сонымен қатар KITEL-2005 аясында банк технологияларына арналған көрме ұйымдастырылды.
Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, KITEL-2005 халықаралық көрмесіне 20 мыңдай адам келеді деп күтілуде. Көрме 4 күнге созылады.

Перейти к новостям спорта