Алматыда Орталық Азия елдірінің әйел-көшбасшылары бас қосты. Олар гендерлік теңдік, бейбітшілік, бизнес және бала тәрбиесі мәселелерін талқылап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Форумға 20 елден 50-ден астам спикер келді. Олардың ішінде америкалық кәсіпкер және Tesla компаниясының құрылтайшысы Илон Масктың анасы Мэй Маск, Ресейдің танымал журналисі Ксения Собчак, Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Ким бар.
Әртүрлі қызмет саласының жұлдыздары өздерінің жетістіктері туралы әңгімелеп, мамандық табу, өзін ынталандыру, сенімсіздікті жеңу және өз жетістіктерінің тарихын жасау туралы пайдалы кеңестерімен бөліседі.
Форумның негізгі тақырыптары:
* Өзіңіздің мақсаттарыңыз бен сүйікті ісіңізді табыңыз;
* Жеке бренд: қалай жасау керек және ол сізге не үшін керек;
* Өзіңізге сенімділік: өз өміріңіздің басты кейіпкеріне қалай айналуға болады;
* Кедергілерді еңсеру: арманға қалай жетуге болады;
* Жас кедергі емес: жас ерекшелігін өз пайдаңызға қалай айналдыру керек;
* Қайырымдылық: әлемді жақсы жаққа қалай өзгертуге болады.
Форумға үш мыңнан астам адам қатысып жатыр.