Алматыда Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы талқыланады

Алматыда Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы талқыланады

Алматыда Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы талқыланады. Аталмыш ұйымның басқармалары кеңесінің 11-сессиясы 12-желтоқсанда өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 532
Фото - Caravan.kz

Орталық Азия елдерінің мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдерін қамтитын ұйым басқармалары кеңесінің мүшелері, сондай-ақ, бас қосуға шақырылған депутаттық корпус, шетелдік елшіліктер, министрліктер өкілдерінің қатысуымен өтетін отырыста Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының іс-қызметі туралы есеп пен орталықтың 2004-жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылады. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының жобасымен танысады.

2003-жылы Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы бұған дейін қолға алынған жобалардың жалғасы ретінде бірқатар ауқымды шараларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Каспий аймағындағы жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталған жаңа бағдарламаларды, сондай-ақ, Алматы облысы ауылдарындағы сумен қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруді көздейтін бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Бұдан басқа да жобалардың арасында Орталық Азия аймағындағы экологиялық журналистика саласындағы фестивальді қолдау және «Су сапасы мен санитариялық деңгейдің Орталық Азия аймағындағы ауыл тұрғындарының денсаулығына әсері » тақырыбында аймақтағы ғалымдар мен сарапшыларға арналған семинарды ұйымдастыру жобалары бар.

Соңғы жаңалықтар