Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматыда бір аптаға созылған Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.

  • 27 Қазан 2012
  • 524
Фото - Caravan.kz

21-ші қазан күні басталған бұл өнер бәйгесіне қатысушыларға Литваның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Литва орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Йонас Вайткус бастаған қазылар алқасы төрелік жасаған болатын. Онда Айгүл Иман­­баеваның музыка­лық театр орталығы (Қазақстан) «Шығармашылық ізденіс үшін», «Өзбектеатр» шығар­ма­шылық бірлестігі (Өзбекстан) «Үздік дебют», Тәжік­станның облыстық М.Назаров атын­дағы мемлекеттік сазды комедия театры «Үздік музыкалық безендіру» аталымы бойынша арнайы дипломмен, мүсіншемен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ Ғ.Мү­сі­ре­пов атындағы Қа­зақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан Ерлан Тұяқов «Үздік сценография», Жанар Мақашева «Үздік әйел рөлі», Т.Ахтанов атындағы Ақтө­бе облыстық драма театрынан Раиса Төлеуова «Үздік әйел рөлі», Сол­түс­тік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның С.Мұқанов атын­дағы сазды драма театрынан Нартай Сәрсенбаев «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», Астана қа­ла­сы­ның Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрынан Нұркен Өтеуов «Үздік ер адам рөлі», Респуб­ли­калық неміс драма театрынан (Қазақстан) Қубанчбек Адылов «Үздік режиссура» аталымы және Б.Қадыкеева атын­дағы Қырғыз мем­лекеттік жас­өс­пірімдер театрынан (Қырғызстан) Айнұр Қашқынбекова «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», Марат Жантелеев «Үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылып, оларға мүсіншелер, дипломдар және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар