Caravan Logo

Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

21-ші қазан күні басталған бұл өнер бәйгесіне қатысушыларға Литваның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Литва орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Йонас Вайткус бастаған қазылар алқасы төрелік жасаған болатын. Онда Айгүл Иман­­баеваның музыка­лық театр орталығы (Қазақстан) «Шығармашылық ізденіс үшін», «Өзбектеатр» шығар­ма­шылық бірлестігі (Өзбекстан) «Үздік дебют», Тәжік­станның облыстық М.Назаров атын­дағы мемлекеттік сазды комедия театры «Үздік музыкалық безендіру» аталымы бойынша арнайы дипломмен, мүсіншемен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ Ғ.Мү­сі­ре­пов атындағы Қа­зақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан Ерлан Тұяқов «Үздік сценография», Жанар Мақашева «Үздік әйел рөлі», Т.Ахтанов атындағы Ақтө­бе облыстық драма театрынан Раиса Төлеуова «Үздік әйел рөлі», Сол­түс­тік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның С.Мұқанов атын­дағы сазды драма театрынан Нартай Сәрсенбаев «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», Астана қа­ла­сы­ның Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрынан Нұркен Өтеуов «Үздік ер адам рөлі», Респуб­ли­калық неміс драма театрынан (Қазақстан) Қубанчбек Адылов «Үздік режиссура» аталымы және Б.Қадыкеева атын­дағы Қырғыз мем­лекеттік жас­өс­пірімдер театрынан (Қырғызстан) Айнұр Қашқынбекова «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», Марат Жантелеев «Үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылып, оларға мүсіншелер, дипломдар және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.