Форум «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Трансазиялық өлшемі : қауіпсіздіктің ажырамас бөлшегі» деген тақырыпты арқау етпек .
Бұл туралы бүгін, 4-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында парламент сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов хабарлады.
Форум отырыстарында Орталық Азия аймағындағы терроризммен және экстремизммен күрес, экономикалық мәселелер топтамасы, адам құқығы мәселесі, Орталық Азия аймағындағы демократияландыру барысы мен БАҚ мәселесі сарапқа салынады,- деді сенат спикері.
Оның айтуынша, форумға дүниежүзінің 36 елінен 100-ден астам парламент депутаттары , Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік ассамблеясының мүшелері мен 50-ге жуық парламенттік ұйымдардың өкілдері қатысады.