Алматыда Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелеріне арналған Азаматтық форум өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелеріне арналған Азаматтық форум өтіп жатыр

Алматыда Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелеріне арналған Азаматтық форум өтіп жатыр

Бүгін Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелері жөніндегі Азаматтық форум өз жұмысын бастады.

  • 1 Шiлде 2011
  • 669
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен өтіп жатқан форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, сонымен қатар, Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан елдерінен келген шетелдік сарапшылар қатысуда.

Іс-шара Азиядағы мәдениет аралық үндесуді дамыту мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі аймақ елдерінің әріптестігін қалыптастыруға бағытталған.

«Елбасымыз Қазақстан Халқы Ассамблеясының 16-шы сессиясында сөйлеген сөзінде осы толеранттылыққа байланысты еліміздің тәжірибесін шетелдерде насихаттаудың маңыздылығына тоқтала келе, толеранттық мәселелері жөніндегі азаматтық форумды өткізуді тапсырған еді. Шын мәнінде, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қай мемлекеттік болмасын әлеуметтік экономикалық дамуында қоғамдағы тұрақтылық, этносаралық жарасымдылық, келісім, рухани және діни саладағы түсіністік, сол елдің өркендеуінің, гүлденуінің негізі екенін айқын дәлелдейді. Бұл тұрғыда көп этносты, көп конфессиялы мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі әлемдік қауымдастық тарапынан қызығушылық пен қолдау тауып келе жатыр. Ал, елімізде қабылданған «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясатын жаңа деңгейге көтерді»,-деді шараның ашылуында ҚР Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев.

Бүгін форум шеңберінде «Қоғамда толеранттылық қалыптастырудағы азаматтық қоғам институттары», «Толеранттылықты БАҚ арқылы насихаттау», «Толеранттылық және мәдени әралуандық», «Толеранттылық — ғылыми пайымдау және тәжірибе» сынды тақырыптар бойынша бағыттық пікірталастар ұйымдастырылатын болады. Талқылаулар мен пікірталастар қорытындысы бойынша Азаматтық форум резолюциясы қабылданады, сонымен қатар, шара аясында эносаралық қатынастарды дамыту процесстерін бірлесе зерттеуді ұйымдастыру жөнінде Орталық Азия елдерінің сарапшылары арасында келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Іс-шара форум қатысушыларына арналған «Самұрық» ұлттар театрындағы этномәдени бірлестіктер мен белгілі өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасымен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар