Алматыда орталық және шығыс Еуропа елдері Қорғаныс министрліктерінің ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына арналған жазғы мектеп ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда орталық және шығыс Еуропа елдері Қорғаныс министрліктерінің ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына арналған жазғы мектеп ашылды

Алматыда орталық және шығыс Еуропа елдері Қорғаныс министрліктерінің ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына арналған жазғы мектеп ашылды

Бүгін, 23-маусымда Алматыда орталық және шығыс Еуропаның 7 мемлекетінен келген Қорғаныс министрліктерінің ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына арналған жазғы мектеп ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Маусым 2003
  • 699
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жазғы мектепті ҚР қорғаныс министрлігі , Қазақстандағы Британдық Кеңес пен «Әскерилерге арналған ағылшын тілі» атты халықаралық жобаның әкімшілігі бірлесе отырып, әскери ағылшын тілі пәнінің жұмыс тәжірибесі 2 жылға жетпейтін жас оқытушыларына арнап ұйымдастырып отыр.

Жазғы мектепте дәріс тыңдауға Өзбекстан, Тәжікстан, Сербия, Украина, Болгария және Польша тәрізді 6 мемлекеттің қорғаныс министрліктерінің өкілдері келді.
10 күнге жалғасатын оқыту жұмыстарына шетелдік 12, Қазақстан қорғаныс министрлігінің 16 өкілі қатысады.
Дүниежүзінің 24 мемлекетінде жүзеге асырылып жатқан «Бейбітшілік қорғау операцияларына арналған ағылшын тілі» атты жобаның басқарушысы Пол Вудстың айтуынша, «аймақтағы қорғаныс министрліктерінің өзара ынтымақтастығы өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюына әсер етеді. Ал, ортақ тіл, әсіресе, ағылшын тілі — есірткі саудасына қарсы күрестегі өзара ынтымақтастық пен лаңкестікке қарсы коалицияға бірігуде өзіндік септігін тигізуде».
Жобаның басты мақсаты — жобаға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері дүниежүзілік әскери қоғамдастыққа тез арада тиімді интеграциялануы үшін ағылшын тілін зерттеп оқып -үйрену , оны оқыту және емтихан қабылдау барысын жаңалау болып табылады.