Алматыда орталықтағы Мирзоян және Қалқамандағы Әуезов көшелерінің аты өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда орталықтағы Мирзоян және Қалқамандағы Әуезов көшелерінің аты өзгерді

Алматыда орталықтағы Мирзоян және Қалқамандағы Әуезов көшелерінің аты өзгерді

Алматыда орталықтағы Мирзоян және Қалқамандағы Әуезов көшелерінің аты өзгерді. Әсіресе, Мирзоянды өзгерту керектігі туралы ұсыныс талайдан бері айтылып, ол қызу пікірталасқа ұласқан еді. Астанада бұл атау былтыр жойылған болатын. Ендігі кезек Алматыға жетіпті. 

  • 1 Желтоқсан 2016
  • 1414
Фото - Caravan.kz

Сәл бұрынырақ оңтүстік астанада бірқатар көше атауының өзгергені туралы хабарлағанбыз. Енді "Алматы ақшамы" газетінде жарияланған сол атаулардың тізімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Алматы қаласы Алатау ауда­ны бойынша:

«Көкқайнар» ықшамауда­нындағы Абай көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;

«Әйгерім-1,2» ықшамауданындағы Ленин көшесі – Василий Бенберин көшесі;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

Левон Мирзоян көшесі – Шапық Шөкин көшесі;

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

8-линия көшесі – Ербол Сыпа­таев көшесі;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

«Көктөбе» шағынауданын­дағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

«Қалқаман-2» шағынауда­нындағы Мұхтар Әуезов көшесі – Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталатын болды.