Алматыда өртенген жолаушылар автобусы №2 паркке тиесілі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өртенген жолаушылар автобусы №2 паркке тиесілі

Алматыда өртенген жолаушылар автобусы №2 паркке тиесілі

Алматы. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Гагарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында кеше өртенген жолаушылар автобусы қалалық №2 автопаркке тиесілі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қыркүйек 2008
  • 431
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт мемлекеттік нөімірі А 041 AZ болып табылатын, №120 бағыт бойынша қатынайтын автобуста болған, бірақ өрт кезінде көлікте жолаушылар болған жоқ.

Алматы қалалық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің төрағасы Сергей Дыриннің айтуынша, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. «Автобуста жолаушылар болған жоқ, ал жүргізуші дер кезінде одан шығып үлгерді», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Алматыда Гагарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында жолаушылар автобусы өртенді деп хабарлады агенттік тілшісі Алматы қаласы бойынша 01 қызметінің орталық пункітіне сілтеме жасап.

Мекеменің хабарлауынша, өртті сөндіру үшін оқиға орнына екі автоцистерна жіберілді.

Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар