Алматыда өртке ұшыраған «АDEM-1» сауда үйінің кәсіпкерлері үшін уақытша сауда орны салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өртке ұшыраған «АDEM-1» сауда үйінің кәсіпкерлері үшін уақытша сауда орны салынады

Алматыда өртке ұшыраған «АDEM-1» сауда үйінің кәсіпкерлері үшін уақытша сауда орны салынады

Алматыда үстіміздегі жылы 26 сәуірде өртке ұшыраған «Адем-1» сауда орталығының зардап шеккен кәсіпкерлер үшін уақытша «Адем-4» сауда орны салынады. 

  • 13 Тамыз 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматы  Кәсіпкерлер палатасы құқықтық блогының соңғы жеті айда атқарған жұмысына қатысты өткен баспасөз мәслихатында Палатаның бөлім бастығы Бекжан Күнтаев мәлімдеді.

«Өрттен соң көп ұзамай оперативтік штаб құрылған болатын. Оның құрамына Палатаның сарапшыларымен қатар, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Бүгінгі таңда бірқатар нәтижелерге қол жеткіздік. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде «Адем» сауда орталығының басшылығы зардап шеккен кәсіпкерлерге «АDEM-2-3» блоктарынан 342 орын берді. Әр орынның көлемі 6 шаршы метр. Кәсіпкерлерден 6 айға дейін жалдық төлем алынбайтын болды. Сонымен қатар, осы тамыз айының соңына дейін тағы да 700 орындық уақытша «АDEM-4» сауда орны ашылады. Мұнда да жалдық төлем кем дегенде алты айға дейін алынбайды»,  — деді Б. Күнтаев.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда кәсіпкерлердің банктерден алған несиелері бойынша да түйінді мәселелер шешілгендігін жеткізді.

«Қазіргі уақытта  кәсіпкерлердің барлық 15 банктен алған несиелері бойынша мәселелер шешілді. Яғни, бұл банктерде кәсіпкерлерге «несиелік каникулдар» берілді. Кәсіпкерлер банк тарапынан қойылатын өсімпұл және айыппұлдардан босатылды. Сондай-ақ, қазір әрбір жеке адам бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін азайту мәселесі қарастырылып жатыр», — деді Б. Күнтаев.

Айта кетелік, штаб жұмысы барысында кәсіпкерлер тарапынан барлығы 668 өтініш келіп түскен. Солардың ішінде 300 өтініш бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлерге келтірілген шығынның көлемі 240 млн. теңгеден асып кеткен. Өтініштердің 35 пайызы жұмыс орнын қалпына келтіруге, 30 пайыздан астамы банктен алынған несиелерді оңтайландыру, 10 пайыздан астамы үстіміздегі жылдың мамыр айына алдын ала төленіп қойылған жалдық төлемдерді қайтарып бергізу, 10 пайызы «АDEM» сауда орталығына қарсы сотқа арыз түсіруге көмектесу және 5 пайызы жеке кәсіпкерлігін жабуға көмектесуге байланысты.


Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылы 26 сәуірде «АDEM-1» сауда орталығында орын алған өрттен 1600-ден астам сауда дүңгіршегі жанып кеткен болатын. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары әлі де жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар