Алматыда өрттен 10 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өрттен 10 адам зардап шекті

Алматыда өрттен 10 адам зардап шекті

Алматыда өрт салдарынан 10 адам, соның ішінде 6,7 және 10 жастағы үш бала түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Ақпан 2004
  • 388
Фото - Caravan.kz

Өрт «Энергетик» бағбандар қоғамына қарасты үйде шыққан. Өрттің шығуына көмір жағатын пешті тұтыну барысында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу түрткі болған. Өрт тұтана бастаған сәттен бастап үш сағатта өшірілді. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар