Алматыда осы сәтке дейін 15 мыңдай сайлаушы дауыс беруге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда осы сәтке дейін 15 мыңдай сайлаушы дауыс беруге келді

Алматыда осы сәтке дейін 15 мыңдай сайлаушы дауыс беруге келді

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, жергілікті уақытпен 11 сағатта Алматыда сайлау құқығы бар 774442 адамның 15228-і дауыс берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

Учаскелерде 6 мыңдай бақылаушы жұмыс істеуде, олардың 150-і шетелдік қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Байділдиновтың айтуынша, сайлау комиссиясының жанында ақпарат қызметі жұмыс істеуде. Ол жерден азаматтар сайлау процедурасына қатысты өздерін қызықтырған кез-келген сауалға жауап ала алады. Қазірдің өзінде ақпарат қызметіне 1000-дай телефон қоңырауы келіп түскен. Сайлаушылардың басым бөлігі өздері тіркелген сайлау учаскелері туралы ақпарат алуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда 5 сайлау округі бойынша 68 үміткер сайлауға түсіп жатыр. Барлығы 444 сайлау учаскесінің 212-сінде электронды дауыс беру жүзеге асырылады.

Перейти к новостям спорта