Алматыда ота жасатқан әйелдің жамбас сүйегінің ішінде темір қалып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ота жасатқан әйелдің жамбас сүйегінің ішінде темір қалып қойған

Алматыда ота жасатқан әйелдің жамбас сүйегінің ішінде темір қалып қойған

Алматыда ота жасатқан әйелдің жамбас сүйегінің ішінде темір қалып қойған.

  • 9 Қараша 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Рентген кескіндемесінде жілікке қадалған темір бұрғының басы екені анықталды деп хабарлайды Астана арнасы.

Айсәулет Айқын былтыр шілде айында №4 клиникалық ауруханаға жамбас ұршығына арнайы табақша қойдыратын операция жасатады. Бала кезінен бір жамбасы кеміс болғандықтан, жоспарлы операциядан соң дәрігерлер оңалатынын айтыпты. Алайда, буын-буыны сырқырап, жағдайы нашарлай түскен.

«Мен таңғалдым. Операция жамбасыма жасалса, неге тіземнің жоғарғы жағы, саным ауырады деп ойладым. Ауруханаға бара бердім, бірақ ешкім мына дәріні іш, мына майды жақ деп айтқан жоқ. Бірақ, мен бой бермедім, бірнеше рет рентген жасаттым. Соңғы түскенімде темірдің аяқ жағы көрініп қалыпты», — дейді Айсәулет Айқын.

Рентген кескіндемесінде жілікке қадалып тұрған темірдің бұрғының тісі екені анықталған. Өз көзіне сенбеген науқас адвокат жалдап, тәуелсіз сараптама жасатады. Сот-медициналық талдау болаттың операция кезінде сынып, сүйектің ішінде қалғанын дәлелдеп беріпті.

«Операция кезінде медициналық сверлоның сүйектің ішінде қалғанын дәлелдеп бердік. Себебі көп. Сверлоның сапасы әсер етуі мүмкін. Кейде дәрігерлердің біліксіздігі де себеп болады», – дейді тәуелсіз сарапшы Тахир Қалымназаров.



Қалалық №4 клиникалық аурухананың дәрігерлері Айсәулет Айқынға ота жасалғанын растады. Ал, бұрғы пышағының сынып қалуы мың адамда бір кездесетін жәйт, оның адам ағзасына кері әсері болмайды деп түсіндірді.

Мұны дәрігерлердің қателігі деп түсінген науқас Түркісіб аудандық сотына талап арыз түсірген. Алғашқы сот процесінде травмотолог мамандар еш кінәлі емес екендерін айтты. Айсәулеттің адвокаты енді азаматтық тұрғыдағы шағымын қайтып алып, ертең қылмыстық ретпен прокуратураға арыз жазатындарын айтады.

Істің немен тынарын енді құқық қорғау органдары анықтайды. Белгілісі – Айсәулет Айқынның аяғындағы бұрғының 4 сантиметр бөлшегін алып тастау мүмкін емес. Жілікті қайта шағып, операция жасауға мамандар жүрексініп отыр.

Соңғы жаңалықтар