Алматыда өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда қозғалған мәселелер
![]() |
Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының шоғырлануы өте жоғары деңгейде. |
«Америкалық зерттеушілердің анықтауынша, 5 миллион адамдық аудиторияны жаулап алуға радиоға - 38 жыл, телеарнаға 14 жыл, ғаламдық интернет желісіне 4 жыл кеткен екен. Ал Алматы болса, ақпараттық медиа нарықты дамытуда көшбасшылық позицияда келе жатыр. Қазір статистикаға қарағанда, Алматыда мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның 85-і ғана мемлекеттік», - дейді қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы Бақтияр Мәкен. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы өзара байланысты қалыптастырып қана қоймай, өзі де әлеуметтік серіктестікке түсуде.
Қазақстанда 2013 жылы спорт телеарнасы ашылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалианбековтың айтуынша, ақпарат - күрделі салалардың бірі. Оның эволюциялық дамуын заңды түрде бақылау өте қиын. Бұл әлемдік үрдіс.
«Мемлекеттік тапсырыстың тиімді жүзеге асырылуын зерттеу бүгінгі таңда төмен деңгейде. Айта кетер жайт, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетке тәуелді емес. Олардың арасында бағдарламалары тартымды, хабарлары сапалы да салмақты әрі өзекті мәселелерді көтере білуімен телекөрермендер назарын аударып жатқандары да бар.», - дейді Б.Қалианбеков.
Болат Серікұлының сөзіне қарағанда, Қазақстан қазір сандық телевидениеге көшудің алдында.
Билік - қазақ журналистері үшін ең жабық тақырып.
Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда айтылды.
«Қазақ журналистикасының даму жолындағы басты кедергілер мен кемшіліктерді және оның шешу жолдарын анықтау мақсатында сауалнама жүргіздім. Оған республикалық және аймақтық басылымдардағы 100-ден астам адам қатысты. Алғашқы сауал - «Қазақ журналистикасының дамуына не кедергі?» деп аталды. Оған 21 пайызы - цензураны, 17 пайызы - мемлекеттік тілдің қауқарсыздығын, 15 пайызы - кәсіби біліктіліктің төмендігін, 14 пайызы - жеке басқа тән кемшіліктерді, тағы 14 пайызы -қаржылық тәуелділікті, 10 пайызы - бәсеке жоқтығын, ал 9 пайызы еш кедергінің жоқтығын айтты», - дейді «Түркістан» газетінің сарапшысы Нәзия Жоямергенқызы.
Оның айтуынша, сауалнамаға қатысушылар кедергілер қатарына журналистиканың басты мақсатын түсінбеушілік, кәсіби құралдарды пайдала білмеу; журналистиканы саясатпен, ақындықпен, жазушылықпен шатастыру, журналистика ережелері мен этикаларын сақтамау; авторлық құқықты сақтамау; қаржылық-материалдық тапшылық, жарнаманың аздығы, биліктің орыстілді БАҚ өкілдерін іш тартуы; ақпарат алу мәдениетінің қалыптаспауы; бәріне бас редакторлар кінәлі; шетелдік ақпараттық экспансия; мемлекеттік тапсырысқа тәуелділік; құқықтық тұрғыдан журналистердің қорғансыздығын да атаған. Қазақ журналистері үшін жабық тақырыпқа 28 пайызы - билік; 23 пайызы - жабық тақырып жоқ, 19 пайызы - саясат пен экономика; 19 пайызы - басқа; 9 пайызы ұлтаралық мәселелер деп көрсеткен. Сондай-ақ 59 пайызы қазақ журналистерінің арасында кәсібіи бірлік жоқ десе; 27 пайызы бар, бірақ аз; 13 пайызы бар; 4 пайызы білмеймін дегенді айтқан.
Н.Жоямергенқызының сөзіне қарағанда, қазақ журналистерінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін кәсіби біліктілікті (37 пайыз), қаржылық қолдауды (34 пайыз) көтеру керек дегендермен қатар, бәсеке бар (5 пайыз) деушілер де болған. Ал қазақ журналистикасына төнген қауіпті 42 пайызы - кәсіби сауатсыздықпен, 18 пайызы - мемлекеттік тілмен, 15 пайызы тәуелділікпен байланыстырған.
Мемлекеттік тапсырыс бұқаралық ақпарат құралдарын масылдыққа дағдыландыруда. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда сөз болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қальянбековтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары тапсырысқа тәуелді емес. Оларға ақшаның жартысы жарнамадан түседі. Алайда, Болат Серікұлының бұл пікірімен бірқатар сарапшылар өздерінің келіспейтінін білдірді.
«Түркістан» газетінің сарапшысы Нәзия Жоямергенқызының сөзіне қарағанда, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жүргізілген сауалнама кезінде мемлекеттік тапсырыс қазақ журналистикасының дамуына кедергі болып отырған мәселердің бірі ретінде көрсетілген. Саясаттанушы, публицист Айдос Сарымның пайымдауынша, тапсырыс беру кезінде көп жағдайда оның тиімділігіне жеткілікті мән берілмейді. Қаражат кейде мақсатсыз жұмсалады. Оның бұл сөзін Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова да қоштап отыр. Ал құрылтайдың украиналық меймандарының бірі бұқаралық ақпарат құралдарының бюджетіндегі мемлекеттік тапсырыстың үлесінің жоғарылығына өз таңданысын білдірді. Оның айтуынша, дотация БАҚ-ты масылдыққа бейімдейді. Украинада қазір мұндай БАҚ-тар өлімші халде тірлік кешуде. Сондықтан әрбір ақпарат құралы жыл сайын дотацияның үлесін азайту арқылы, оған деген тәуелділіктен арылуы қажет. Өйткені дотация есірткі сияқты. Оған бойы үйренген ақпарат құралы өз дербестігінен айрылады. Жалпы БАҚ бәсекелестік жағдайында ғана өсіп-өркендейді.
Телевидениеде отандық өнімнің дамуы үшін жағдай жасау керек. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда сөз болды.
«Қазақстандық телеарналардың бағдарламалық контентінің 70 пайызы шетелдік өнімдер. Отандық өнімді ұлғайту үшін бірнеше телеарна бірлесіп ұсыныс жасап отырмыз. Жеке телеарналарды және продюсерлік компанияларды қосымша құн салығынан, сондай-ақ олар мемлекеттік тілде өнім шығарса, 50 пайызға салықтан босатса деп ұсыныс жасап отырмыз», - дейді 31 телеарнаның бас директоры Бағдат Қожахметов. Оның айтуынша, отандық өнімді дамытуда шет елдердің тәжірибесін ескерген жөн. Мәселен Украинада 3 жылға дейін заңды түрде ресейлік телеарналарды таратуға тыйым салынған. Соның нәтижесінде жаңадан он шақты телеарналар қалыптасты. Ал 2 жылдан кейін жергілікті телеарналарда Ресейдің ОРТ сияқты магнаттарымен бәсекеге түсу мүмкіншілігі пайда болды. Онда сонымен қатар кино айналымының 5 пайызы арнайы қорға жинақталып, авторлық киноның дамуына бөлінуде.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырысына биыл 22 748 279 000 теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда айтылды.
«Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырысы соңғы жылдары ұлғайып келе жатыр. Мәселен ол 2009 жылы 1 900 000 000 теңгені (12 млн доллар), 2010 жылы 2 319 128 810 теңгені (15 млн.доллар), 2011 жылы саналған жоқ. Ал 2012 жылы қарастырылған 22 748 179 000 теңгенің (151 млн. доллар), министрліктің хаттамасына қарағанда бүгінгі таңда 1 555 280 847 теңгесі игерілген», - дейді Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова. Оның айтуынша, лоттардың нәтижесін алайда ешкім қадағаламайды. Сондай-ақ лоттарда ақшаның бәрі жарнамаға жұмсалатыны байқалып отыр.
Мемлекеттік тапсырыс бұқаралық ақпарат құралдарын масылдыққа дағдыландыруда. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда сөз болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қальянбековтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары тапсырысқа тәуелді емес. Оларға ақшаның жартысы жарнамадан түседі. Алайда, Болат Серікұлының бұл пікірімен бірқатар сарапшылар өздерінің келіспейтінін білдірді.
«Түркістан» газетінің сарапшысы Нәзия Жоямергенқызының сөзіне қарағанда, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жүргізілген сауалнама кезінде мемлекеттік тапсырыс қазақ журналистикасының дамуына кедергі болып отырған мәселердің бірі ретінде көрсетілген. Саясаттанушы, публицист Айдос Сарымның пайымдауынша, тапсырыс беру кезінде көп жағдайда оның тиімділігіне жеткілікті мән берілмейді. Қаражат кейде мақсатсыз жұмсалады. Оның бұл сөзін Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова да қоштап отыр. Ал құрылтайдың украиналық меймандарының бірі бұқаралық ақпарат құралдарының бюджетіндегі мемлекеттік тапсырыстың үлесінің жоғарылығына өз таңданысын білдірді. Оның айтуынша, дотация БАҚ-ты масылдыққа бейімдейді. Украинада қазір мұндай БАҚ-тар өлімші халде тірлік кешуде. Сондықтан әрбір ақпарат құралы жыл сайын дотацияның үлесін азайту арқылы, оған деген тәуелділіктен арылуы қажет. Өйткені дотация есірткі сияқты. Оған бойы үйренген ақпарат құралы өз дербестігінен айрылады. Жалпы БАҚ бәсекелестік жағдайында ғана өсіп-өркендейді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін