Жарияланды: 390

Алматыда өткен аптада өрт салдарынан үш адам мерт болды

29-желтоқсан мен 5-қаңтар аралығындағы бір аптада Алматыда өрт салдарынан үш адам мерт болып, екі адам уланса, тағы бір адамды күйік шалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

29-желтоқсанда Бостандық ауданындағы жеке меншік үйде 50 шаршы метр аумақты шарпыған ірі өрт оқиғасы болды. Тілсіз жауды ауыздықтаған кезде үйден 29 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Сондай-ақ, 3-4-дәрежелі күйікке шалдығып, денесінің 75 проценті күйіп қалған 44 жастағы әйел қалалық №4 ауруханаға жеткізілді. Жалпы алғанда өткен аптада Алматы гарнизоны 82 мәрте шақыруға шықты. Оның 35-інде тікелей өрт сөндіру шарасына қатысса, 21 шақыру жалған, ал 20 шақыру бойынша қоқыс өртеніп жатқан болып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін