Алматыда өткен халықаралық форумда үздік хирургтар тікелей эфирде операция жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өткен халықаралық форумда үздік хирургтар тікелей эфирде операция жасады

Алматыда өткен халықаралық форумда үздік хирургтар тікелей эфирде операция жасады

Алматыда өткен "Салауатты ұрпақ – Қазақстан болашағы" тақырыбында өткен III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында маңызды оқиға болып табылатын Live-surgery халықаралық мастер-кластары ұйымдастырылды

  • 23 Сәуiр
  • 14
ФОТО: ҚРДСМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Форумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова және Денсаулық сақтау министрлігі аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова қатысып, жаңа медициналық жобалар туралы мәлімет берді.

Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Денсаулық сақтау министрлігінің жаңадан енгізілген жобалары таныстырылды: 2024 жылы елімізде алғаш рет феталдық хирургия мен ұрық сақтауды қолдайтын орталықтарда «Бір күндік клиника» қызметі ұсынылмақ.

Қазақстанның әр аймағынан және шетелден келген дәрігерлер мен мамандар Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында үздік сарапшылардың кеңестерімен 15 жоғары технологиялық операцияны тікелей эфирде бақылады.

Операциялар арасында сирек кездесетін араласулар, V-NOTES аз инвазивті технологиялары, 18 аптадағы ұрық-акардиустағы лазерлік коагуляция, сондай-ақ итальяндық әріптестерімен бірлесе жүргізілген балалардағы жүрек ақаулары бойынша күрделі операциялар болды.

Мұндай мастер-кластар қазақстандық дәрігерлер үшін халықаралық деңгейде тәжірибе алмасудың және кәсіби білімін арттырудың маңызды алаңына айналуда.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Үндістан, Италия, Қытай, Израиль сияқты елдерден 600-ден астам маман қатысты. Құрметті спикерлер қатарында медицинаның үздік өкілдері сөз сөйледі.

Форум барысында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнар Нұрланова негізгі баяндамасын жасады. Сонымен қатар, ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин репродуктологияда жасанды интеллектіні қолдану туралы, РҒА профессоры Роман Шмаков акушерліктегі тромбоэмболиялық асқынуларды зерттеу туралы баяндама жасады. Басқа да ғалымдар мен дәрігерлер түрлі медициналық тақырыптар бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Конференция медициналық біліммен алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы жоғары деңгейлі дамуды дәлелдейтін маңызды оқиғаға айналды.