Концертке елімізге танымал халық әртістері: Сара Тыныштығұлова, Нұрғали Нүсіпжан, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері: Құрманбек Әлімғазы, Дина Хамзина, Гүлзия Стамбек, Данияр Байжұманов қатысады. Концерт барысында оркестрдің қоржынындағы ең үздік шығармалар орындалатын болады.
Концертке Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылмақ.