Ленин көшесінің бойында тұратын бір үйдің қожайыны жексенбі күні таңертең өз үйінің қақпасының алдынан 28 жастағы жігіттің мәйітін тауып алған. Ол өз үйінде пәтер жалдап тұратын Өзбекстан азаматын таниды. Жігіт үш жылдан бері осындағы наубайханада істеп жүрген.
Сарапшылар өлген жігіттің денесінен көптеген жарақат іздерін тапты.
Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы наубайханада істейтін 25 жастағы тағы бір өзбек мигранты ұсталды. Тұтқын істеген қылмысын мойындады. Оның айтуынша, өз жерлесі әрі әріптесін ол үлкен темір күрекпен түнде наубайханада ұрып өлтіріп, артынан мәйітті көшеге шығарып тастаған.
Қазір Өзбекстан азаматы тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оперативтік қызметкерлердің ақпаратына сәйкес, оларда тұтқынның Алматы аумағында жасалған бірнеше тонаушылық оқиғаларға қатысы бар екендігі жөнінде ақпарат бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті