Наразылық шарасы Гоголь және Қалдаяқов көшелерінің қиылысында 14 сағат 15 минут шамасында басталып, бірнеше минутқа ғана созылды. Оған қатысушылар мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға орнына келіп жеткен полицейлер олардан тез арада тарауды талап еткен. Дәлелденбеген мәліметтерге сәйкес, полицейлер аспанға бірнеше мәрте оқ атыпты. Бұдан кейін митингге қатысушылар Гоголь көшесін бойлай Горький атындағы демалыс саябағына қарай бет алған.
Куәгерлердің айтуынша, 14 сағат 45 минут дегенде полиция қызметкерлері шараға қатысушылардың басым бөлігін қамауға алды. Қазір шара өткен жерде полицияның бірнеше машинасы мен 20-дан астам полицейлер тұр.
Болған оқиға туралы түсініктеме беру жөніндегі KZ-today тілшісінің өтінішіне полиция өкілдері әзірге бұл туралы ештеңе айта алмайтындықтарын хабарлай отырып, бұл жерде «полиция жасақтары күшейтілген күзетте тұр» деп мәлімдеді.
Бұл ауданда қауіпсіздік шараларының күшейтілу себебі туралы да полицейлер түсініктеме беруден бас тартты.
Қазіргі жағдаймен полиция тұтқындаған наразылық шарасына қатысушылардың қайда екендігі туралы мәлімет жоқ.