Алматыда «Өзгеше би» деректі фильмінің таныстырылымы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Өзгеше би» деректі фильмінің таныстырылымы болды

Алматыда «Өзгеше би» деректі фильмінің таныстырылымы болды

Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры және «Заманауи хореография орталығы» қоғамдық қоры Данияр Мусиннің «Өзгеше би» («Другой танец») деректі фильмін жұртшылық назарына ұсынды.

  • 25 Қаңтар 2013
  • 391
Фото - Caravan.kz


Туындыға би өнерінің алғашқы мұрағаттары, елімізде кәсіби негізде оның негізін қалағандар, куәгерлер, өнердің бұл түрінің қалыптасуы мен даму сатылары арқау болған. Оның авторы — «Тұран» университеті кино және телевидения факультетінің үшінші курс студенті Данияр Мусин. Болашақ режиссердің өзінің алғашқы шығармашылық жұмысын ҚР Тұңғыш Пhезиденті қорының гранты арқылы жүзеге асырып отыр. 12 жасынан бастап фотограф, кейіннен кинооператор ретінде өнер фестивальдеріне ұдайы атсалысып, жаңа би өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген Даниярдың бұл туындысын заманауи би өнерінің тарихы жайлы терең де мазмұнды шығарма деуге болады.

Перейти к новостям спорта