Алматыда Панфилов дивизиясының 70 жылдығына арналған патриоттық акция болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Панфилов дивизиясының 70 жылдығына арналған патриоттық акция болып өтті

Алматыда Панфилов дивизиясының 70 жылдығына арналған патриоттық акция болып өтті

Бүгін Алматыдағы 28 гвардиялық панфиловшылар атындағы саябақта 316-шы (8 гвардиялық) атқыштар дивизиясының құрылғанына 70 жыл толуына орай «Панфилов дивизиясының күні» атты мемориалдық патриоттық акция болып өтті.

  • 12 Шiлде 2011
  • 719
Фото - Caravan.kz

«Ақпараттық бастама» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Ресей және Қырғыз Республикалары елшіліктерінің бас консулдары, ресейлік, қазақстандық және қырғыз қоғамдық ұйымдары мен жастар бірлестіктерінің, сонымен қатар, панфиловшы-жауынгерлердің туған-туыстары мен немерелері қатысты.

Акцияға қатысушылар Даңқ мемориалына, Бауыржан Момышұлы ескерткішіне, 28 панфиловшы-жауынгерлердің атаулы белгілеріне гүлшоқтарын қойып, аспанға — «Кеңес Одағы Батыры» атағына ие болған жауынгерлердің саны бойынша — 37 әуе шарларын жіберді.

Шараның салтанатты бөлімінде сөз сөйлеген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, полковник, профессор, Ресей Әскери академиясының корреспондент-мүшесі Ким Серікбаев қазақстандық батырлардың Мәскеуді қорғауда көрсеткен ерлігі мен батылдығын еске салды. Ардагер сонымен қатар, барлық тарихшыларды Ұлы Отан соғысындағы тарихи фактілерді бұрмаламауға шақырды.

«Панфиловшы -жауынгерлердің ерлігі — Отанға деген әртүрлі ұлт адамдарының шексіз махаббатының мысалы бола алады. Ұлы Отан соғысы жылдары дивизия құрамында КСРО-ның 36 ұлт өкілдері соғысты, олардың ішінде қазақтар, орыстар, украиндықтар, қырғыздар, еврейлер, беларустар және басқа ұлт өкілдері болды. Сондықтан, Панфилов дивизиясының тарихи мысалын негізге ала отырып қазақстандық патриоттық рухты тәрбиелеу керек», — дейді акцияның ұйымдастырушысы, «Ақпараттық бастама» корпоративтік қорының директоры Михаил Тюнин.

Оның айтуынша, алдағы уақытта панфиловшы-жауынгерлердің қаһармандық тарихына арналған көптеген шаралар, акциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болады.

Мемориалдық акция «Панфиловшы-жауынгерлерді еске ала отырып» атты дөңгелек үстел отырысымен жалғасты. Оған әскери қызметкерлер, ардагерлер, генерал Панфиловтың туысқандары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

316-шы атқыштар дивизиясы Алматы қаласында 1941 жылдың шілде-тамызында құрылған болатын. Дивизия жеке құрылымы Алматы қаласының, Алматы облысының, Қазақстанның басқа да аймақтарының және қырғыз елінің әскери міндетті тұрғындарынан жасақталды. 1941 жылдың қазан-қарашасында Мәскеуді қорғауда көрсеткен теңдессіз ерлігі пен батылдығы үшін дивизияға 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы аты берілді, ал кейініректе дивизияға 1941 жылдың 18 қарашасында Мәскеу облысының Волоколамск қаласының маңында қаза тапқан, дивизияның тұңғыш командирі Иван Васильевич Панфиловтың аты берілді. Панфиловшы жауынгерлер Псков облысын, Латвияны, Литваны неміс-фашист басқыншыларынан қорғауға қатысты. Панфилов дивизиясы Ленин орденімен, Қызыл ту орденімен, екінші дәрежелі Суворов орденімен, марапатталды.

Соңғы жаңалықтар