Алматыда пара алған салық комитетінің қызметкері тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пара алған салық комитетінің қызметкері тұтқындалды

Алматыда пара алған салық комитетінің қызметкері тұтқындалды

Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері қалалық салық комитетінің жетекші маманын пара алғаны үшін қамауға алды. Бұл туралы Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.

  • 24 Ақпан 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, Алматы салық комитетінің екі қызметкері жергілікті бір ЖШС-ін тексеру барысында валюта заңын бұзу дерегін анықтап, бұл туралы кәсіпорын директорын құлағдар етеді. Әкімшілік жауапкершіліктен жалтартып жіберу төлеміне салық мамандары 50 мың теңге пара талап еткен. Сол күні Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері жетекші маманды пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс істейтін тағы бір қызметкері 2000-жылдың қараша айы мен 2004-жылдың қаңтар айлары аралығында Алматының Алмалы ауданындағы жеке кәсіпкерлерден жеңілдетілген декларация қабылдау арқылы жемқорлық қылмысқа барғаны анықталды.
2002-жылдың қыркүйек айында бұл қызметкер «Гербалайф» өнімдерінің саудасымен шұғылданатын жеке кәсіпкерге салық бойынша есеп беру құжаттарын өткеруге қол ұшын беретінін айтып, соның ақысына кәсіпкерден «әрбір тоқсан сайын 300 доллар төлеп отыруды» ұсынған. Үш жыл ішінде инспектор осындай жолмен кәсіпкерден 2100 доллар алған.
Ал 2002-жылдың сәуір айында әлгі инспектор «Заңғар» сауда үйінде әйелдердің киімін сататын кәсіпкерге өз қызметін ұсынған. Осындай жұмыстың төлеміне салық комитеті қызметкерінің зайыбы кәсіпкерден тоқсан сайын 120-150 доллардың киім-кешегін алып отырған. Осындай жолмен алынған киім-кешектің құны 1050 доллар болып шықты.
Аталмыш деректер бойынша фискалдық орган қызметкерлеріне ҚР Қылмыстық кодексінің «Лауазымдық құқығын асыра пайдалану» жөніндегі 307 бабы бойынша айып тағылды. Күдіктілер қамауда отыр.

Перейти к новостям спорта