Алматыда пара алған судья ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пара алған судья ұсталды

Алматыда пара алған судья ұсталды

Алматыдағы бір аудандық соттың судьясы 5 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі (қаржы полициясы) департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, судья істі болған бір адамның жұбайынан қылмыстық істі жеңіл бапқа ауыстыру және әйелдің өзін есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін пара талап еткен. Айыпкердің жұбайы ақшаны сот отырысының хатшысына табыс етуге тиіс болған. 17-сәуір күні қаржы полициясының қызметкерлері хатшыны 5 мың доллар көлемінде пара алған жерінде қолға түсірді.

ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «пара алу ісінде делдалдық жасау» жөніндегі 313-бабы бойынша аудандық сот хатшысының үстінен қозғалған іс материалын қарай отырып ҚР бас прокуроры судьяның үстінен пара алу жөніндегі 311-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі (қаржы полициясы) департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, 2005-жылғы 1-тоқсанда сыбайлас жемқорлық саласы бойынша 24 қылмыстық іс қозғалды. Ал былтырғы жылдың осы мерзімінде небәрі 4 қылмыстық іс қозғалған болатын.

Перейти к новостям спорта