Алматыда пара беруге бопсалау дерегі бойынша бір мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пара беруге бопсалау дерегі бойынша бір мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматыда пара беруге бопсалау дерегі бойынша бір мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы қалалық Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті пара беруге бопсалау дерегі бойынша бір мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғап, қамауға алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Мамыр 2004
  • 556
Фото - Caravan.kz

2004-жылдың 27-мамырында Алматы қалалық Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне бір азамат шағым түсірген. Оның айтуынша, баласы оқитын мектептің директоры оны мектепке шақырып алып, баласының ағылшын тілі мен математика пәнінен жылдық бағасы «екілік» болғанын хабарлаған. Мәселені оңтайлы шешу үшін ол баланың ата-анасынан автоматты номер анықтайтын радиотелефон әкеліп беруді талап еткен.

2004-жылдың 27-мамырында күндізгі 15 сағат шамасында жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаржы полициясының қызметкерлері мектеп директорын бағасы 5600 теңге тұратын радиотелефонды пара ретінде алып жатқан жеріне қылмыс үстінде ұстап алды.
Оның үстінен ҚР Қылмыстық Істер Кодексінің 311-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. 30-мамырда мектеп директоры қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта