Олар Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумалары болып шықты. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, жігіттер пәтерлерге терезе арқылы кіріп, үлкен заттарға тиіспей ақша, асыл бұйымдарды ұрлап отырған. Олардың жасы 21-28 аралығында.
Қазіргі таңда күдіктілердің 30 қылмысқа қатысы бары анықталды. «Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тенгеу жұмыстары басталды», — деді ІІД басқарма басшысы Жанболат Зиядин.