Ұрылар Ақсай ықшам ауданында «кезекті іске кіріскен» кезде ұсталды. Полицейлер олардан құлыптарды бұзу үшін қолданылған газ кілттерін, бір бума қарапайым кілттер мен алтын әшекей заттарды тәркіледі. Ұрылар жалдаған пәтерден полицейлер «ондаған алтын бүйымдар, тұрмыстық техника мен бағалы заттарды» тауып отыр». «Қазіргі кезде құқық қорғау қызметкерлері ұрланған заттардың иелерін іздеумен айналысуда»,-деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлердің мәліметтерінше, бұл қылмыскерлердің көсемі осыдан бір жыл бұрын ұсталып, 10 қылмыстық іспен түрмеге отырғызылған болатын. «Оның сыбайластары осыған дейін қолға түспей-ақ жүрген. Қазіргі кезде олар тағы да бес пәтерді тонап кеткендігі туралы мойындап отыр,-дейді полицейлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті