Алматыда перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды

Алматыда перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды

АЛМАТЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда перзентханадан жаңа туған қыз бала ұрланды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Ақпан 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Жаңа босанған 19 жасар қыздың палатасына кірген бейтаныс әйел өзін медбике деп таныстырған. Ол нәрестені процедураға алып кеткен де, қайтып оралмаған»,- деді баспасөз қызметінде.

Нәресте таңертең ерте ұрланған. Кешке Алмалы АІІО мен ІІД полицейлері күдіктіні ұстады. Күдікті операция бөілімінің 22 жасар санитары болып шықты. «Ұсталған бірінші жауап алуда-ақ нәрестені ұрлғандығын мойындады. Оның сөзіне сүйенсек, ол нәрестені өзінің баласыз туысқанына сыйламақ болған»,- деп хабарлады баспасөз мәслихатынан.

Медбикенің туысынан жауап алу кезінде ол, туысынан тастанды нәресте тауып беруді өтінген, кейіннен заңды түрде асырап алмақ болған.

Қазіргі уақытта нәресте ата-анасына қайтарылды, оның денсаулығы мен өміріне төнген қауіп жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті