Алматыда пианистердің V Халықаралық байқауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пианистердің V Халықаралық байқауы өтеді

Алматыда пианистердің V Халықаралық байқауы өтеді

15-23 қараша аралығында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда пианистердің V Халықаралық байқауы өтеді.

  • 9 Қараша 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

Байқауға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Франция, Австралия, Корея, Ресей, Украина, Беларусь және Грузия елдерінің жас пианистері қатысады.

Пианистердің V Халықаралық байқауына әлемге танымал музыканттар мен белді ұстаздар қазылық ететін болады. Атап айтқанда, олар — Қазақстанның халық әртісі, Франция Республикасы өнер және әдебиет орденінің кавалері, профессор — Жәния Әубәкірова (Қазақстан), Джульярд мектебінің профессоры — Даниэль Поллак (АҚШ), Линц қ. А.Брукнер Университетінің профессоры — Олег Маршев (Италия), француз-грузиндік пианист — Элисо Болквадзе, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу ұлттық консерваториясының профессоры Павел Нерсесьян (Ресей), П.И.Чайковский атындағы XI Халықаралық конкурстың лауреаты — Денис Шаповалов (Ресей).

Байқау 3 кезеңнен тұрады: жеке орындаудағы екі бөлім, камералық бөлім және оркестрмен орындаудағы финалдық бөлім.

Байқаудың камералық бөлімі үшін Ю.Янкелевич квартеті арнайы шақырылды, ал үшінші турда Ваг Папян (Израиль) жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдейтін болады.

Шараның салтанатты ашылуы 15 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда өтеді. Бағдарлама аясында сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі Ж .Әубәкірованың жеке концерті, байқау лауреаттары мен қонақтардың концерті жоспарлануда.

Перейти к новостям спорта