Алматыда полицейлер көлігін автобус жолағына қоятындардың көңіл-күйін құртып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полицейлер көлігін автобус жолағына қоятындардың көңіл-күйін құртып кетті

Алматыда полицейлер көлігін автобус жолағына қоятындардың көңіл-күйін құртып кетті

Алматы полицейлеріне тыным жоқ.

  • 26 Желтоқсан 2019
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бүгін олар Төле би көшесінің Масанчи мен Байтұрсынов қиылыстары арасындағы учаскесін тексеруге келіп, көлігін автобус жолағына қаңтаруды әдетке айналдырған жүргізушілердің көңіл-күйін құртып кетті, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

– Анықталғандай, ереже бұзатындардың дені – сол жердегі ауруханалардың клиенттерін таситын жүргізушілер екен. Сол себепті көпшілігіне тек ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданды, – деді Алматы ПД Жергілікті полиция қызметі патруль полициясының полк командирі Манап Саттаров.

Оның сөзінше, көліктерін автобус жолағына қаңтарып кетіп, тексеру кезінде көлік жанынан табылмаған он жүргізушіге кәдімгі ақшалай айыппұл салынды. Олардың көліктері айып тұрағына аттанды.


 

Соңғы жаңалықтар