Алматыда полиция машинасын қағып кеткен автобус жүргізушісі екінші автобуспен жарысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полиция машинасын қағып кеткен автобус жүргізушісі екінші автобуспен жарысқан

Алматыда полиция машинасын қағып кеткен автобус жүргізушісі екінші автобуспен жарысқан

Алматы ІІД жол полициясы басқармасының арнайы батальон бастығының орынбасарын қаққан кезде N35 автобус жүргізушісі сау болған, деп жол полициясындағы дереккөз мәлімдеді.

  • 2 Маусым 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz


«Автобус жүргізушісі медициналық тексеруден өтті, ол ішімдік ішпеген», — дейді дереккөз.
Тергеу болжамдарының біріне сәйкес, жол апатына кінәлі жүргізуші басқа автобусты басып озбақ болған.
«Бейнекамерадағы жазбада автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен екінші автобусты басып оза, жол қиылысына шығып, полиция көлігін қалай қаққаны анық көрінеді», — дейді дереккөз.
Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні Алматы орталығында N35 автобустың жүргізушісі жол полициясының арнайы көлігімен қақтығысты. Жол апаты салдарынан Алматы ІІД жол полициясы басқармасының арнайы батальон бастығының орынбасары қатты жарақат алды, оған нейрохирургиялық операция жасалды. Қазір ол комада жатыр.