Бұл туралы «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, белгілі әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов хабарлады. Оның айтуынша, ескерткіш тақта орнату жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің арнайы шешімі шыққан. Аталмыш шара ақынның туған күні — алдағы жылғы 5 қаңтар қарсаңында жүзеге асырылмақшы.
Сонымен қатар Орал қаласында ақын атындағы шығармашылық орталық салынып жатқаны белгілі. Ол да алдағы жылы пайдалануға берілмекші.