Бұл шара Евстафия Пехлеванидидің 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылды. Аталмыш кездесуге ол Грекиядан арнайы ұшып келді.
80 жылдары Евстафия Пехлеваниди республикадағы бірінші футболшы атанып, Кеңес одағында ең үздік 33 футболшының қатарынан орын алған. Оны КСРО елдерінің әр түрлі құрамалары өздеріне шақырған да болатын. Ол жоғарғы лигада жүргенде 69 рет жетістікке жеткен. Оның бұл рекорды қазақ футбол тарихында алтын әріппен жазылып қалды.
Соңғы 20 жылда атақты футболшы және «Қайрат» тарихындағы ең мықты мерген Евстафия Пехлеваниди Грекияда тұрып жатыр. Ол жердегі чемпионаттың «Левадиакос» жоғары лигасында бір маусым ойнап, 20 матч өткізіп, 10 рет қақпаға доп соққан. Кейіннен денсаулығына байланысты спорттан қол үзген.