Алматыда қайтыс болғандарды COVID-19-ға тексеру тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қайтыс болғандарды COVID-19-ға тексеру тоқтатылды

Алматыда қайтыс болғандарды COVID-19-ға тексеру тоқтатылды

Алматыда аурухадан тыс жерде қайтыс болғандардан коронавирустың бар-жоғын анықтайтын міндетті тестілеу тоқтатылды. Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай қаулы шығарды.

  • 26 Маусым 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бекітілген құжатта медициналық ұйымнан басқа жерде қайтыс болғандардың денесіне коронавирусты анықтайтын лабораториялық талдау жүргізілмейтіні жазылған.

"Әкімдік жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабтың 9.04.2020 жылғы № 11 "COVID-19 күдік бойынша азаматтардың өліміне және анализдер алуға байланысты мекенжайға бару кезіндегі іс-қимылдарды бекіту туралы" хаттамасының күші жойылсын", — делінген құжатта.

Қайтыс болған адамның денесі табылған жерге тек полиция қызметкерлері баруы тиіс. Олар өлімнің себептерін анықтайды.


Сондай-ақ, медициналық мекемелердің стационарларынан тыс жерде дене табылса Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұрын емханада тіркеуде болғандарға өлім туралы анықтама беруін қадағалау керек.