Алматыда қала әкімі әлеуметтік жүйе қызметкерлеріне пәтер кілтін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қала әкімі әлеуметтік жүйе қызметкерлеріне пәтер кілтін табыс етті

Алматыда қала әкімі әлеуметтік жүйе қызметкерлеріне пәтер кілтін табыс етті

Бүгін елімізде тұңғыш рет кең көлемде аталып өткелі отырған әлеуметтік сала қызметкерлерінің төл мерекесіне және Алматы қаласындағы халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің құрылғанына 75 жыл толуына арналған салтанатты шара өтіп жатыр.

  • 25 Қазан 2012
  • 325
Фото - Caravan.kz


«Елбасымыз қазан айының соңғы жексенбісін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні деп жариялауы сіздердің халық алдындағы абырой-беделдеріңіздің биіктігін көрсетеді. Әрине күнделікті өмірде әрбір қызметтің өз қиындығы болады. Соның ішінде, әлеуметтік саланың орны ерекше. Бұл өте жауапты және адам тағдырымен сабақтас сала. Осы сала қызметкерлерінің араласуымен Алматыда 70-тен аса әлеуметтік қызмет түрі көрсетіледі», — дейді қала әкімі Ахметжан Есімов. Онда бірқатар қызметкерлер әкімнің алғыс хатымен, ал Бақыт Әбділдина, Майра Ыбырайқызы, Камила Есетова, Раиса Мұсабекқызы, Айнұр Елешқызы мен Жәмила Ысқақова пәтер кілтін алды. Сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының төс белгісімен марапатталды. Шаһар басшысының айтуынша, әлеуметтік саланы қолдауға биыл Алматыда 7,3 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр.