Алматыда қала әкімінің үш бірдей орынбасары қызметінен кетті

Қала әкімі Бауыржан Байбек алғашқы екеуінің орнына Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісованы тағайындады. Қырықбаев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларын қадағалайтын болады. Жүнісова экономика, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу және туризм салаларына жауап бермек. Ал Юрий Ильиннің орны әлі бос тұр. Сөйтіп, Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің бес орынбасарынан тек Болат Сауранбаев әзірге орнында. Мұның алдында Ербол Шорманов «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысқан болатын. 

Loading...