Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Алматы қалалық полиция департаменті карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысы қайта қалпына келуіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды. Қазір патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады", — делінген ПД таратқан хабарламада.
Алматы қалалық полиция департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантин ережелері мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын еске салады.
Еске салайық, елімізде карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдетіліп жатыр. 4 мамырдан бастап бірқатар нысанның жұмысы жанданды.