Алматыда Қала күнін тойлау аясында 50-ден астам мәдени шаралар өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қала күнін тойлау аясында 50-ден астам мәдени шаралар өткізіледі

Алматыда Қала күнін тойлау аясында 50-ден астам мәдени шаралар өткізіледі

Биыл оңтүстік астанада Қала күнін тойлау аясында 50-ден астам ірі мәдени шаралар өткізіледі.

  • 18 Тамыз 2015
  • 508
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маркен Ахметов мәлімдеді.

Биыл Қала күні 20 қыркүйекке сәйкес келеді. Бірақ, мерекелік шаралар айдың алғашқы күндерінен бастап, жүзеге асырыла бастайды, — дейді ұйымдастырушылар. Биыл қала көлемінде 50-ден астам негізгі шараларды өткізу жоспарланған. Ал егер бұған аудан көлеміндегі шараларды қосар болсақ, онда  жалпы саны мыңға жуықтайды.

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маркен Ахметовтің айтуынша, негізгі шаралар 20 қыркүйекте 28 Панфиловшылар саябағында өтеді. Сондай-ақ, осы саябақта Smile park деп аталатын эмоция фестивалі ұйымдастырылады. Ал күндіз Сайран көлінде де  қала тұрғындарын қызықты шаралар күтіп тұр.

Биыл Алматы метрополитенінің жеті бекетінде классикалық музыка бойынша «Метродағы музыка» атты концерттер ұйымдастырылады. Яғни, 7-15 қыркүйек аралығында пойыздан түскен жолаушылар оркестрлік музыканың әуенін еститін болады.

Сондай-ақ, М. Ахметов Apple Quest деп аталатын қызықты жоба жөнінде әңгімеледі. Ол қала тарихына арналған.  Шара 13 қыркүйек  — Отбасы күні ұйымдастырылады. Мұнда шамамен 50 команда жасақталып, қала тарихын білу бойынша байқауға түседі. 


«Қазір қалада I love Almaty.байқауы қызу жүргізіліп жатыр. Бас жүлде — 1 млн. теңге. Бұл «I love Almaty» деген жазуы бар шағын сәулет мүсіндерін жасау бойынша байқау. Әрбір қала ауданында инсталляцияға арналған орындар белгіленеді. Ал 20 қыркүйекте ҚР Тұңғыш Президенті саябағында әрбір ауданда ең үздік деп танылғандары  жұртшылық назарына ұсынылады», — деді ол. 

Соңғы жаңалықтар