Алматыда қалаға кіре беріс ірі жол торабының бірінші кезегі пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қалаға кіре беріс ірі жол торабының бірінші кезегі пайдалануға берілді

Алматыда қалаға кіре беріс ірі жол торабының бірінші кезегі пайдалануға берілді

Бүгін, 15-сәуірде Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қалаға кіре беріс жердегі үш қабатты ірі жол торабының бірінші кезегін қабылдап алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 671
Фото - Caravan.kz

Жол торабы Райымбек даңғылы мен Саин көшелерінің қиылысында орналасқан. Осындағы айналма жол барған сайын арта түскен автокөліктер тасқынына төтеп бере алмай бара жатқаны белгілі болған 2001-жылы күрделі жол торабын салуға шешім қабылданды.

Торап көлік ағындарын түрлі бағыттарға ажыратып беретіндей етіп жобаланған. Тораптың негізгі эстакадасының ұзындығы 624 метрге тең. Қазір бас мердігер «Трансстроймост» АҚ ұзындығы 90 метрді құрайтын тоннель салып жатыр. И.Тасмағамбетовтың айтуынша, жол торабы 2005-жылдың 1-шілдесінде толық пайдалануға беріледі.
Жобаның құны 6,2 млрд. теңгеге тең. Жол торабы тәулігіне 120 мың автокөлікті өткізе алады.
Алматы қаласының әкімі сонымен бірге жобалаушы ұйымдар тағы да осындай екі жол торабының жобасын жасауға кіріскенін хабарлады. Алдағы үш жылда Алматының түрлі аудандарында жаңадан 18 жол торабы салынады. «Бұған қоса көп сатылы автокөлік тұрақтары салынатыны белгілі. Демек, алдағы 3-4 жылда біз Алматыдағы транспортқа қатысты проблемаларды айтарлықтай жолға қоя аламыз»,- деді И.Тасмағамбетов.