Жарияланды: 400

Алматыда қалалық мәслихаттың ревизиялық комиссиясының актісі бойынша 46 миллион теңге бюджетке қайтарылады

Бүгін Алматыда 4-ші сайланған қалалық мәслихаттың ХХХХIV сессиясында ревизиялық комиссияның актісімен түрлі заң бұзушылықтар бойынша 7 кәсіпорыннан 46 миллион теңге бюджетке қайтарылатын болды.

Комиссия төрағасы Виктор Бөлекбаевтың айтуынша, ревизия №4 қалалық емхана, №1, 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледждерінде, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған "Алматы" спорт клубы, №5 тыңдау мүкістігі бар балалардың арнаулы мектебінде жүргізілген. Онда қызметтік тұлғаларға ескертулер жасалып, сөгістер жарияланды. "Мәселен, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінде кейбір заң бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның бұзылуы, штаттан тыс бірліктердің болуы, халықаралық ұялы байланыс, іссапар шығындары бойынша онда көп ақша жұмсалған. Тексеру бойынша 435 мың теңге өтеліп, директордың орынбасары мен бухгалтерге ескерту жасалды", - дейді Виктор Бөлекбаев. Оның айтуынша, осыған қарамастан тексеру кезінде сарапшылар бұл кәсіпорында негізгі жұмыстың бәрі тиісті деңгейде жолға қойылғанын және олардың тиянақты ұйымдастырылғанына көз жеткізген. Жалпы, комиссияның мақсаты тек кемшілікті анықтау емес, сонымен қатар үлгілі кәсіпорындарға қолдау көрсету. "Жатақханада үкімет үйіндегідей кілемдер төселіп, тазалық пен тәртіп ерекше жолға қойылған. Мен онда өмірімде басқа ешбір оқу орнынан көрмеген жағдайды көрдім. Шынымен де онда мамандар өз жұмысын жасап, білікті мамандар тәрбиелеп жатыр. Оны Білім басқармасы да қадағалап ескерсе жөн болар еді", - деген Виктор Ертасұлының сөзін өзге депутаттар да бір ауыздан қолдап, алдағы уақытта мәслихаттың атынан алғыс хат беріп, ынталандыру шараларын жүргізуге келісті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін