Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, қан орталығы жалпы аумағы 1195 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимаратты иемденеді.
2004-2005-жылдарда орталық ғимараты жергілікті бюджет есебінен бөлінген 67,4 млн. теңгеге жаңартылып жөндеуден өтті. Сонымен бірге медициналық және технологиялық жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен жиһаздар сатып алынды.
15-ақпанда донорларды қабылдау, медициналық ұйымдарды қанның құрамды бөліктерімен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. 1-маусымдағы жағдаймен қалалық қан орталығы 3,7 мың донорды қабылдап, 2,5 мың тоннадай қан өңдеді.