Алматыда қалалық Жастар үйі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қалалық Жастар үйі ашылды

Алматыда қалалық Жастар үйі ашылды

Алматыда қалалық Жастар үйі ашылды. Оның ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов қатысты.

  • 29 Тамыз 2003
  • 922
Фото - Caravan.kz

В.Храпуновтың айтуынша, бұл оқиға 2003-2005-жылдарға арналған «Жастар және жасөспірімдер» атты Алматы қалалық арнаулы мақсатты бағдарламаның нәтижесінде мүмкін болды. Бағдарлама аясында соңғы екі жылда қалалық бюджет есебінен 27 аулалық клубтар жабдықталып, 35 студент әкімнің аталулы шәкіртақысына ие болған.

Жастар үйі жалпы жастар саясаты саласындағы бастамаларды қолдауға бағытталған жан-жақты жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен ашылды. Атап айтсақ, онда жастардың еңбек биржасы, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау орталығы, жастардың продюсерлік орталығы, аулалық клубтар директорларының штабы мен қала әкімінің шәкіртақысын иемденушілердің клубы жұмыс істейтін болады.
Жастар үйінің іс-қызметі қалалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Әкімнің айтуынша, Жастар үйінің жабдықталу деңгейі жыл сайын арттырылып отырмақшы.
Еліміздегі жалпы студенттер санының үштен бір бөлігі Алматының үлесіне тиіп, қала тұрғындарының 17 процентін 15-24 жас аралығындағы жастар құрап отыр. Қалада жастардың 60-тан астам қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар