Алматыда Қалқан жобасы бойынша алғашқы жұмыс бабындағы кездесу өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қалқан жобасы бойынша алғашқы жұмыс бабындағы кездесу өтуде

Алматыда Қалқан жобасы бойынша алғашқы жұмыс бабындағы кездесу өтуде

Бүгін, 20-сәуірде Алматыда Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерполдың бас хатшылығының Қалқан деп аталатын жобасы аясында "Орталық Азиядағы лаңкестік" тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы алғашқы кездесу өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 549
Фото - Caravan.kz

Кездесуді Интерполдың бас хатшылығы мен ҚР ІІМ ұйымдастырады. Оған 26 елден 70-тен астам өкіл қатысады. Олардың арасында БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бақылаушылары да бар.

Кездесудің мақсаты — лаңкестік және діни экстремизм көріністерімен күрес саласындағы тәжірибелік ынтымақтастық перспективаларын талқылау болып табылады.
Қалқан жобасы Орталық Азиялық және басқа да көршілес елдерге лаңкестікке қатысты тексерулер жүргізуге түрткі болуға бағытталған жан-жақты көзқарасты дамыту, контртеррорлық іс-қызметте пайдаланылатын әдістерді дамыту және олардың аясын кеңейту туралы ұсыныстар жасау, қылмыстық және лаңкестік ұйымдарды әшкерелеу мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсету және ықпал жасаудағы Интерпол рөлін арттыру мақсатын көздейді.
Қалқан жобасы барысында аймақтық және халықаралық деңгейдегі байланыстар орнатуға, сондай-ақ, құқық қорғау мекемелерінің лаңкестік ұйымдардың іс-қызметіне тосқауыл қоюға және әшкерелеуге бағытталған жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік беретін мүмкіндік беретін ақпараттар жинауға баса назар аударылады.
Ертең, 21-сәуірде кездесу Қаскелеңде одан әрі жалғасады.

Перейти к новостям спорта