Алматыда қан тапсыру акциясы өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қан тапсыру акциясы өтіп жатыр

Алматыда қан тапсыру акциясы өтіп жатыр

Акция дүниежүзілік қатерлік ісікке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып отыр.

  • 9 Ақпан
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда "№5 қалалық емхана" КМК және "Qamqor Charity" ҚҚ-ның ұйымдастыруымен дүниежүзілік қатерлік ісікке қарсы күрес күніне орай қан донорларына арналған "Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла" атты акциясы өтті. Акцияға 50-ден астам медицина қызметкерлері, волонтерлер және емхана пациенттері қатысып, ерікті түрде қан тапсырды.

“Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла” акциясы өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз — онкологиялық аурулар мен науқастарға көмектесу. Қазір Қазақстанда онкологиялық аурулармен жылына 37 мыңнан астам науқастар тіркеледі. Оның ішінде 13 мыңнан астамы қатерлі ісік ауруларынан көз жұмады. Бұл үлкен сан, өзекті мәселе. Ем барысында химиялық, сәулелік терапия қолданылады. Соның салдары қан құрылымының бұзылуына алып келеді. Соған байланысты оларға қан құю, донорлық көмек керек, — деді "№5 қалалық емхана" КМК директоры Қамқа Омарова.

Сондай-ақ емхана басшысы қан тапсыруға келетін адамдарға қандай талап қойылатынын атап өтті.

Қан тапсыратын адамға қойылатын алғашқы талап — оның келісімі. Адам қан тапсыруға саналы түрде өз еркімен келуі қажет. Екінші, денсаулығы жағынан кінәраттың болмауы. Ниет білдірген адам келген кезде одан қан алынады. Сонда гемоглабин көрсеткіші 110-нан төмен болмауы қажет. Егер адам айтылған талаптарға сай болмаса, қан тапсыра алмайды, — деді Қамқа Омарова.

Айта кетейік, тапсырылған қан Алматы қаласындағы "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" мен "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының" онкология және онкогаметология бөлімшелерінде емделетін науқастардың еміне қолданылады.

Мен осы емханада тіркеуде тұрмын. Акция туралы естіп, бүгін қан тапсыруға келдім. Қан тапсырып жүргеніме 10 жыл болды, 40 жасымнан бері. Артық қан денеде жүргенше, адамдарға көмектескен дұрыс деп ойлаймын. Басқа адамдарды да қан тапсырып тұруға шақырамын, қан айналымы жақсы болады, — деді қала тұрғыны Мәжібек Мәжімхан.

Соңғы жаңалықтар