Алматыда қар көшкіні түсу салдарынан бір адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қар көшкіні түсу салдарынан бір адам мерт болды

Алматыда қар көшкіні түсу салдарынан бір адам мерт болды

Алматы қаласы Медеу ауданында қар көшкіні түсу салдарынан "Алматывзрывпром" кәсіпорнының учаске бастығы қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Ақпан 2005
  • 411
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай Кіші Алматы өзенінің бассейнінде жасанды қар көшкінін түсіруге дайындық кезінде таңертеңгі 10 сағат 38 минутта болған. Кездейсоқ түскен қар көшкіні «Алматывзрывпром» кәсіпорнының 45 жастағы қызметкерін басып қалды.

Қаза тапқан адамның мәйітін құтқарушылар 11 сағат 30 минутта тауып алды.

Перейти к новостям спорта