Алматыда қарақшылық шабуылдың - 69%, ұрлықтың - 51,7 пайызын өзге өңірлерден келген азаматтар жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қарақшылық шабуылдың - 69%, ұрлықтың - 51,7 пайызын өзге өңірлерден келген азаматтар жасайды

Алматыда қарақшылық шабуылдың - 69%, ұрлықтың - 51,7 пайызын өзге өңірлерден келген азаматтар жасайды

Алматыда шетелдіктер жасайтын қылмыстың көбі өзбекстандықтардың үлесінде. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев бүгінгі баспасөз брифингінде мәлімдеді.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

Шаһарда өзге өңірден келіп қылмыс жасайтындар негізінен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келгендер болып отыр. Ал алыс-жақын шетелдерден келген келімсектердің қатысуымен тіркелген 89 қылмыстың 57-сі Өзбекстан, 17-сі Ресей, 11-і Қырғыз елінің азаматтарының қатысуымен жасалған.

«Елімздің өзге аймақтарынан келгендер көбінесе мүліктік қылмыстар мен көше қылмыстарын жасайды. Көп жағдайда олар түнгі уақытта жалғыз жүрген адамдарға шабуыл жасап, пышақ, атыс қаруын пайдаланып құнды заттарын тартып алады. Осындай келеңсіз жайттарды ескерген полиция басқармасы көші-қон мәселеріне қатысты талаптарды күшейтті», — дейді Е. Тұрғымбаев. Полиция генерпал-майорының айтуынша, жедел алдын-алу іс-шаралары нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған 31 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 11 мыңы шетелдіктер. Атап айтқанда 5442-сі Өзбекстан, 1660-сы Қырғыз, 960-сы Ресей, 386-сы Тәжікстаннан келгендер. Олардың 265-і ел аумағынан аластатылды. 2267 шетелдіктің Қазақстан аумағында жүру мерзімі қысқартылды.